Келер жылы Елтаңба өзгереді

/uploads/thumbnail/20170708204729240_small.jpg

Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпарат құралының мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі Елтаңба енгізіледі. Бұл туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков мәлімдеді.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Елтаңбамыз енгізіледі. Біздің мемлекеттік символдарымыз еліміздің заңдарымен, Конституциямызбен бекітілген. Дегенмен, Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасына қазіргі технологияларға, бүгінгі күнгі көптеген өзгерістерге байланысты өлшемдерді, модельдерді, 3D модельденуі ретке келтіріп, атаулары нақты енгізіледі. Бірақ, толықтай алғанда мемлекеттік рәміздерімізге еш өзгеріс енгізілмейді. Ал, ескі үлгідегі Елтаңба 2017 жылдың соңына дейін қолданыла береді. Жаңа Елтаңбаға тоқталсақ, оның өлшемдерін, жаңа нұсқасын дайындау оңайға түскен жоқ. Шамамен 5-6 жыл уақыт кетті. Дегенмен, ол жаңа құралдар, технологиялар бойынша жасалды", - дейді Елтаңба авторы.

Елтаңба авторы сондай-ақ қазір қолданып жүрген Елтаңбаның еш атауы жоқ екенін айтады.

"Қазіргі Елтаңбаның еш атауы жоқ. Оған көз салғанда қай жерінде не тұрғаны белгісіз. Сондықтан, 40-тан астам атау бердік. Әр атаудың өзіндік өлшемі, өз орны, сипаттамасы бар", - деді Ж. Мәлібеков.

 

 

Қатысты Мақалалар