Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада кезекті халыққа Жолдауын жариялауда. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, қоғам мен мемлекет қайраткерлері жиналған басқосуда Президент Н. Назарбаев халыққа Жолдауын жариялауда.
«Бұған дейін де мұндай дағдарыстар болды. Сасққалақтап қалған тұстарымыз да жоқ емес. Сондай қиындықтар кезінде Ұлттық қорды құрдық. Мұнайдан түскен қаражатты тиімді жұмсаудың тетіктерін іске қостық» деді Елбасы.
Сондай-ақ, Президент «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға да тоқталды.
«Қаңтар айында мен 5 институционалдық реформа бағдарламасы мен оны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жарияладым. Міне, содан бері нақты жұмыстар атқарылуда. Парламент сол жоспарды жүзеге асыруға тиі заңдарды шығаруда» деді Елбасы Н. Назарбаев.
Пікір қалдыру