Президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа Жолдауын жариялау кезінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын басқаруға өзгеріс енізуді тапсырды - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
"Ұлттық банктің индустриалдық кемшіліктерін жою керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, Проблемалық несиелер банкін және қаржы институттарын оның бақылауынан алуымыз керек. Банк өз ісімен айналыссын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл шешімі туралы айта отырып Президент 2016 жылы қазақстандықтырдың зейнетақы активтерін қазақстандық жекеменшік немесе шетелдік компанияға беру керектігіне тоқталды. "Зейнетақы жинағының өсімін ұлғайту мақсатында зейнетақы қаражатын инвестициялаудың тәсілін қарастыруымыз керек. Зейнетақы қорын Ұлттық банкті басқарғандай басқармауымыз керек. Зейнетақы жинағы қаражатын жеке кәсіпкерлікті дамытуға жұмсауды доғару қажет. Бұл ақшалар тек бюджет қаражаты тапшы болған кезде пайдаланылады. Ал кәсіпкерлікке халықаралық қаржы институттары беретін қаражат жеткілікті", - деді Мемлекет басшысы.
Пікір қалдыру