Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ардагерлер үйі ашылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл – аудан көлеміндегі үшінші ардагерлер үйі. Аудандық бюджеттен 7 млн 860 мың теңге қаржы қарастырып, аудандық мәдениет сарайына қарасты ғимаратты алып, оны қүрделі жөндеуден өткізіп, ардагерлердің игілігіне берілді.
Заман талабына сай құрылыс жасап бөлмелердің барлығы толық соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жабдықталған. Онда ардагерлер отыратын бөлме, демалыс бөлмесі, әйелдер кеңесінің бөлмелерімен жабдықталған.
Ардагерлер үйінің ашылу салтанатынаҚазақстан Республикасының құрметті журналисі Байдулла Қонысбек жәнеоблыстық «Ырыс алды-ынтымақ» атты форумының хашысы, жазушы Мархабат Байғұт қатысты.
Салтанатты іс-шара өз жалғасын ардагерлер кеңесінің аудандық конференциясымен жалғасты.
Пікір қалдыру