Сырдың сырға ұрлағышы қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170708204854225_small.jpg

Қызылордалық полицейлер оқушы қыздарды алдап, құлақтарындағы сырғаларын ұрлауды кәсіп еткен алаяқты ұстады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында облыс орталығының тұрғыны М.Г. мектеп алдында 3 сынып оқитын қызының құны 17 000 теңге тұратын алтын сырғасын белгісіз бір әйелдің «құлағыңдағы сырғаң түсейін деп тұр, сөмкеңе салып берейін» деген желеумен шешіп алғандығы жөнінде полицияға арызданады.

Бір күн өте, белгісіз әйел тағы да 3 сынып оқушысының алтын сырғасын алдап, шешіп алады. Алаяқтың осы тектес әрекеттеріне қатысты полицияға тағы 4 ата-ана шағымданады.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1989 жылы туған Қызылорда қаласының  тұрғыны Б.Д. ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

 «Қамшы» сілтейді


 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар