Бүгін Елордамыз Астана мен Алматы қаласында жаңажылдық шыршалар жағылады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы аталған қалалар әкімдіктеріне сілтеме жасап.
Астанада жаңа жылдық шырша кешкі сағат 19.00-де «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығында, ал, Алматының Республика Сарайы алдындағы Бас шыршасы кешкі сағат 18.00-де жағылады.
Естеріңізге салсақ, бүгін ел аумағында мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтілуде.
Пікір қалдыру