Ақын, жазушы, ғалым адамдарды зиялы қауымға жатқызып жатамыз. Ал, зиялылық деген өз мемлекетіне, өз ұлтына қызмет ету деп есептесек6 елінің бір бөлігін қақыратып сөгіп аламын деген Лимоновқа, Алматыны орталығы етіп "Среднеазиатский федеральный округ" жасамақ болған Жириновскийге, Кеңес одағын қайта құрып, үлкен армия жасақтамақшы болған Зюгановқа қарсы солардың неге үндері шықпайды? Жазушылар Одағында 700ге жуық мүше бар екен. Ең болмаса жетеуі шығып, ресей шовинистеріне қарсы неге үн қатпайды? Әлде сондай әңгіме естігендеріне қуанып отыр ма? Зиялылар қайдасыңдар?