"Жириновский оттай береді, оның сөзіне мән бермеңдер!" дейтіндер табылып жатыр. Ау, көкелерім-оу, Жириновский ол - депутат. Яғни халық қалаулысы. Демек ол халықтың сөзін сөйлейді. Ал оны қандай халық сайлады?! Орыс халқы, Ресей халқы сайлады. Демек, оның сөзі - Ресейдің сөзі! Демек, Жириновскийдің аузымен Ресей бізге деген ойын, пікірін білдіріп тұр деген сөз! "Асыңды іштім, басыңа тыштым" деп, төбеңе келіп жапалап жатса да, қыңқ етпей, "шүкір!" деп отыра береміз бе не?! "Мән бермеңдер" дегендердің ауыздары қисайып кетсе екен!