3 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 12.19-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 294 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,7, магнитудасы - 4.0. Тереңдігі - 15 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.