Мақтанамын қазақ боп туғаныма

/uploads/thumbnail/20170708205047274_small.png

Мақтанамын қазақ болып туғаныма

Қазақтықтың қасиетімен  белді бекем буғаныма,

Қазақтықтың қаныменен кіндігімді жуғаныма

Қазақтықтың иісіменен

Қазақ  деген үнді естірткен құлағыма.

 

Қазақ деген қандай еді ерте бізден заманда,

Таза ары,судай жаны,ыстық қаны әманда,

Ұлдары ер-тоқымнан түспейтұғын

Қыздары ласты жерден өтпейтұғын,

Аналары ерлерінің қас қабағын бағатұғын

Ал ерлері мал-мүлікті еңбекпенен табатұғын.

Шіркін Қазақ,Қазақ десе

Жүректері дүрсілдеп қағатұғын.

 

Ел бірлігін сақтап қалған қандай қиын күн түссе де,

Батылдықтан таймаған ер басына қара бұлт үйрілсе де,

Жәнібек пен Керейдің ер еңбегі емес пе еді,

Жеңісінің бүгінгі күн-нұрлы заман жемісі де.

 

«Мың тоғыз жүз он алтыда»  азаматтық қозғалыста

Қудалаудың зардабынан жапа шекті алашым да,

Нар тұлғалар қамын жеген қазақтың

Сол үшін де дәмін татты ащысынан азаптың.

 

 

Көп ұзамай қолдан соққан ашаршылық жалмады,

Ажалдары аштық болды,амал ешбір қалмады

«Ұлы жұттың» қасіретін әбден тартты қазағым

Бала-шаға,қарт пен құртаң көтерді билік мазағын,

 

Тыныштығы енді ғана бұйырғанда басына,

«Соғыс» деген залым келіп сындырды сағын тағы да,

Ер жетіліп,бой түзеген жасөспірім баласын

Аттандырды алаш жұрты,жылатып Әз Анасын.

 

Нені бастан өткермеді  550 жыл тарихта

Соғыс көрдік,аштық көрдік,әділетсіз заман көрдік,

Шындық іздеп шырылдаған талай абзал адам көрдік

Шындығына пысқырып та қарамаған кеулі соқыр надан көрдік.

 

Көрдік біздер азаптанған халықтың  да жан айғайын,

Көрдік біздер талатпаған ар мен намыс жағдайын 

Желтоқсанның ырғазында мұзға алау жаққандар бар

Сексен алты  жастарын жырға қоспай қалай ғана қалайын.

 

Артық па еді жанымыз кешегі өткен  Қайраттан,

Елдің рухын асырам деп намысын мұзда қайратқан

Ләззат пенен Ерболдардан артық емес жанымыз

Тарихқа аты алтынмен жазылса да лайықтан.

 

Сол рух қайда бүгінде намысты қойған жай бастан,

Сол күш қайда бүгінде ажалдың өзімен айқасқан

Сол кек қайда бүгінде күші сырттан тасыған,

Артық емес жанымыз  сол батырдан

Қадалған жерден қан алған.

 

Бабалардың ұрпағымыз қорғаған елін жерім деп

Бабалардың  ұрпағымыз көтер басты ерім дер,

Бабалардың ұрпағымыз көк  бөрінің өзімен

Айқасқанда жан бермей, жан алатын бөріден.

 

Тәуелсіздік таңы атты  тоқсан бірдің  қысында

Содан бері Шүкір Аллах артта қалды қысым да,

Бүгінде елім таң қалдырған Жер шарының түкпірін,

«Қазақстан» азат енді суың,тауың,тасың да.

 

Азат енді көкте ұшқан қыран сенің құсың да,

Азат енді «Елім» деп кеуде қаққан ұлың да

Азат енді елім азат,талай сынды өткерген,

Азат енді жерім азат,азат көгің күн көтерген.

 

Сынақ болды талай кезең бізге қиын берілген

Сынақтардан оңай емес,бірі жанын кем көрген,

Жеңдік бәрін, жеңдік бүгін ел бірлігі астында

Жеңдік бәрін жанын қиған ерен ерлер жасында.

 

Қазағым деп рухтанғанда қаным қызу тасыған

Тасыған да қаным менен кеудем бірге тасыған,

Адал жандар көп болсыншы адал өтер сындардан

Шындық  жеңер қай уақытта әділет құрар басынан.

 

Бас көтерген бүгінде  Қазақстан биіктен,

Астанамдай Бас қалам бар көрінгенді

Көркіменен үйіткен

Ел ағасы Нұрағамдай басшым бар,

Ерлерінің ізін жалғап

Халқын баққа кенелткен.

 

Мақтанамын қазақ болып туғаныма

Мақтанамын қазақ атты кең етекті  қорғаныма

Мақтанамын Сырдай жерде туылып,

Сырда өсіп толғаныма

 Мақтанамын Тәуелсіздік құрдасы мен болғаныма!

 

 

Сымбат Жүсіпова

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,

Бесарық ауылы

№147 орта мектеп

2015 жыл

 

Қатысты Мақалалар