Тәуелсіздіктің қадіріне қашан жетеміз?

/uploads/thumbnail/20170708205151353_small.jpg

Кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің жаңа жылдық бас шыршасын жағып, Қазақсатан халқын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Жалпы, желтоқсан айы туа салысымен бүкіл әлемнің жаңа жылға дайындық көретіні өтірік емес. Сондықтан, Елбасы да елден қалмай өз халқын құттықтап, жаңа жылдан жақсы жаңалықтар күткенінің несі айып дейтін шығарсыз?

Біз өзгелер сияқты желтоқсан туа салысымен жаңа жылға жоспар құратын халықтың қатарынан емеспіз. Алдымызда кешегі Кенесары хан мен Махамбеттің, Әлихан мен Ахметтің, Қайрат пен Ерболдың басы мен қаны текке кетпеді деп өзімізді жұбата алатын, көк туымызды көкімізде қалықтатқан ең бір ұлы күніміз тұғырлы тәуелсіздікіміз тұр еді. Арине, желтоқсанның 16 күні тәуелсіздік күніміз екенін ұмыта қоймаған билікте тұлғалар жоқ емес. Кешегі әкім, бүгін істі болып отырған Бауыржан Әбдешовтан бастап, қазіргі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзамхметов мырзаға дейінгі бірнеше шенділер Қазақ Елінде Тәуелсіздік күні өтпейінше, жаңа жылға дайындық жасалғанын қаламаған еді. 

Оңтүстікте тәуелсіздік күні өткенше шырша жақпақ тұрмақ, «Жаңа жыдыңызбен» деген бір сөз жазғызбаған Асқар Мырзахметов пен Берік Уәли «Нұр Отанға» келген соң, игі дәстүрді бүкіл елге жалпыластырмақ болып еді, өкіншіке орай, Астана мен Алматы қаласы бастап, Ақорда қоштап жаңа жылдың дайындығы жылдағыдай басталып кетті. Солай, билік жақтан жылтырған үміт сәулесі де үзілді. Билікке тәуелсіздік күніміз керек емес шығар? Бірақ, қарапайым әр қазақ үшін тәуелсіздіктен артық қастарлі ұғым жоқ. Дәл осы күннің қандай ауыр құрбандықтармен келгені барша қазаққа белгілі ғой. Қандайда бір жеңіс ауыр бодаулар бермей келмесі анық. Кенесары, Исатай, Махамбеттердің, Алаш арыстарының қолы жетпей кеткен азаттық біздің басымызға қонды. Алып империяның іргесінің сөгіліуіне себеп болған және аяаусыз Қазақ жастары қырғынға ұшыраған 16 желтоқсан күні мен тәуелсіздігіміздің бір күнге келуі - тәуелсіздіктің өте ауыр жолдар басу арқылы келгенін қазаққа ұмыттырмау болса, Жаңаөзендегі жағдай тәуелсіздікіміздің бағасына жетелмай жүргеніміздіАлланың ескертуі шығар.

Ендеше, «жаңа жылдың» алдына «тәуелсіздігімізді» қалай шығара аламыз? Бұл жағы көпті мазаласа да, жасалып жатқан нақты әрекет шамалы.  Билік, үкімет, қала әкімшіліктері елемеді дейік, сонда өзіміз не тындырып жатырмыз? Әр қаладағы қаптаған шыршалардың бәрін әкімдер қоймағаны анық! Солардың орынына болмаса да, өзімізге тиесілі жерлерге тәуелсіздігімізді айқындайтын, тәуелсіздік күні келе жатқанын білдіретін белгілер қойсақ қайтер еді? Көзге көрінерлік әр жер тәуелсіздік күні келе жатқанын көрсетіп тұратындай болуы керек. Қоғамдық көліктерге, әлеуметтік орындардың әр жеріне тәуелсіздік туралы рухты сөздер ілінілуі тиісті. Тіпті, әркім өз қызмет кеңсесіне қойса да, «Тәуелсіздік күні құтты болсын» деген қағаздар жапсырса да, бір-бірімізге сыйлық сыйлап жатсақтаТәуелсіздікке құрметіміз болар еді. Қастерлі құндылығымыз Тәуелсіздіктің қадірін бағаласа алдымен қазақ бағалауы заңды!

Тәуелсіздік күнін өзіміз басқарға сездіре білейік. Оны сездіретін, білдіретін сіз бен біз, тек қазақтар ғана. Себебі, Тәуелсіздігіміз тек өзімізге, тек қазаққа керек. «Бір ел, бір тағдыр» деп ұрандаймыз ғой. Біз, сол тағдырын бізбен ұштастырғанның бәріне осы күнімізді ұлықтата білуіміз керек. Әр мекеме, өзінде тәуелсіздік күні мен желтоқсан көтерілісіне арнап іс шаралар өткізуге міндетті. Ол шаралар тек бір адамның басына ғана мақтау болып кетпей, тұтас тәуелсіздікке ұмтылған қадамдарымыздың бәріне тоқтала келіп 1986- жылғы қазақ жастарынын асқақ рухын жеткізе білу керек. Әсіресе,ондай шараларды болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырған оқу орындары басты назарға алғандары жөн.

Әрқандай бір қасыреттің артынан ақ таң атып, ел қуанышқа бөленері анық. Біздің желтоқсандай қасыретіміздің артынан тауелсіздігіміз туды. Сондықтан, 16- желтоқсан күні алдмен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары мен барша тәуелсіздік жолында құрбан болған арыстарымыздың рухына тағзым етіп, арнаулы астар беріп тіпті құрбандықтар шалу керек. Сондан ары қарай қасыртетіміздің артын тойға ұластырып ел бірлігін, мемлекет қуаттылығын көрсететін шараларды ұйымдастырып,Айбынды әскери шерулер жасап, бүкіл әлемге енді Алашты ешкімге қорлата қоймайтын күшімізді көрсетуіміз керек еді.

Сөзімнің басын жаңа жылман бастап едім, жаңа жылман айақтайын. Көп халық жаңа жылды сыртқа шығып алаңдарда өткізеді ғой. Мен соған қызығам. Тәуелсіздік күнімізді одан да көп болып жиналып, бірге  өткізу армаым ғой. Ол күні билік адамдардың жиналуынан қорықпай, жастарды қамап ұстамай, халық пен билік арасына өзара сенім орната отырып, баршамыз жиналып, бір алаңда өткізетін күн туса деймін.

Құрметті оқырман, келе жатқан Тәуелсіздік күніміз құтты болсын!

Тұрдыбек Құрметхан

 

Қатысты Мақалалар