Қорғаныс министрлігі журналистке алғыс білдірді

/uploads/thumbnail/20170708205155712_small.jpg

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов танымал журналист, «31» телеарна ақпараттық бағдарламалар диекциясының директоры Болат Мүрсәлімге алғыс білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің ашылуына қосқан қомақты үлесіңіз бен азаматтық белсенділігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Әскеріміздің айбынын асырып, ұлттық рухты көтеретін игілікті бастаманың орындалуы Өзіңіздей ардақты жандардың еселі еңбегі мен қажыр-қайратының жемісі» делінген Иманғали Тасмағанбетовтің алғыс хатында.

Сондай-ақ, журналиске Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т. Мұхтаров та Алғыс хат жолдаған.

Естеріңізге салсақ, ел Президенті Н. Назарбаев Астанада Қорғаныс министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейін ашқан болатын.

Қатысты Мақалалар