Төле би ауданында жаңа мешіт ашылды

/uploads/thumbnail/20170708205157103_small.JPG

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Абай ауылында сәні мен салтанаты жарасқан «Аманта» атындағы жаңа мешіт ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, қоғам қайраткері Асқар Құлыбаев, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және жергілікті жұртшылық қатысты, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Салтанатты шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталды. Оны Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы – найб мүфти Серікбай қажы Ораз оқып, дұға бағыштады.

Осыдан кейін құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. «Мешіт – елдің бірлігі мен ынтымағына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алатын ошағына айналуы тиіс», - деді Бас мүфти. Осыдан кейін мешіттің кітапханасына қасиетті Кәләм шарифті сыйға тартты.

Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына елімізге танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Балғынбек Имаш, «Қоңыр» тобы сынды өнер жұлдыздары қатысып, елді жанды әндерімен тәнтті етті.

Жаңа мешіт осы ауылдың тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен салынды. Мешіт киелі Қазығұрт тауының етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан. Ғибадат үйінің сыйымдылығы 400 адамға арналған. Мешіт бүгінгі заман талабына сай етіп жасалған.

 

Қатысты Мақалалар