«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қазақстан» дауысы ән бақауының үшінші маусымы бүгін мәресіне жетті. Көрермен даусымен жоба жеңімпазы болып Моңғолиядан келіп, бағын сынаған жас әнші Мұратбек Хайролда танылды. Мұратбек жобадан танымал эстрада әншісі Нұрлан Албанның тәлімгері болған еді.
Жеңімпаз ұйымдастырушылар тағайындаған 5 миллион теңгеге ие болды.
Естеріңізге салсақ, «Қазақстан дауысы» 2013 жылдан бастап ұлттық арнада жарық көріп келе жатқан жоба.
Жоба шарты бойынша қатысушылар тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасады. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Албан мен Рүстем Нұржігіт сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.