Қазақстан қалаларының бірінде жол-патрульдік полиция қызметкері ереже бұзған көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін шешіп жатып таң қаларлық жағдайға тап болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Мotor.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкері тұрақ ережесін бұзған Skoda Rapid автокөлігінің мемлекеттік нөмірін шешір жатқанда, ол нөмірдің астынан арнайы қызмет органдарына тиесілі NS сериалы (National Security-дің қысқартылған нұсқасы) нөмір шыққан. Оқиға туралы суретті сайтқа куәгерлердің бірі жолдаған.
Мемлекеттік тіркеу нөмірінің сериясына назар аударсақ, көлік астаналық чекистерге тиесілі болу керек.