Қазақстан ұлттық арнасындағы «Дара жол» атты бағдарламасының бір саны екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинге арналды. Бағдарлама барысында жүргізуші спортшыдан «әдетте адамдар ауырдан қашады? Ал сіз ауыр көтергеннен қандай ләззат аласыз?» деген сауал тастады. Бұл туралы "Қамшы" порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл менің ауырға қатысты ішкі философиям болар. Бұл жай ғана ауыр емес. Алхимиктер ғасырлар бойы қарапайым темірден алтын жасау әдістерін іздегенін білесіз бе? Ал мен сол әдісті тапқан сыңайлымын. Мені Вилорий Пак, Энвер Түркелери сияқты жаттықтырушылар баптады. Сіз танитын Илья сол алхимик шығар. Темірден алтын жасауға мүмкіндігім жетеді. Содан ләззат аламын», – дейді чемпион.
«Миллиондаған тонналарды айлап-жылдап көтеруім мүмкін. Соның нәтижесінде бар болғаны екі сағаттың ішінде сол миллиондаған тоннадан алтын жасаймын. Ол тек 17 немесе 18 миллион халыққа ғана емес, бүкіл адамға қуаныш сыйлайды. Себебі неде? Өйткені біз адамзаттың ілгері дамуына жол ашамыз. Біз адам баласының бұрын көтерген салмағынан да ауыр салмақты көтере алатындығын дәлелдейміз. Адамзат өсіп келеді. Ол жетістікке құштар. Тек алға қарай жеңіске ұмтылады. Яғни біз төменге емес, жоғарыға қарай ұмытыламыз, – дейді Илья Ильин.