НИКОЛАЙ (Хикаят) 2-бөлім

/uploads/thumbnail/20170708210634138_small.jpg

Жалғасы. Басы мына сілтемеде. 

Ол. –«На ловца  зверь  бежит дегенді  естіген  боларсың. Біз  мына   40 градус  аязда  бекер  тұрмыз  ба? Бұл  девятка   қазірге  дейін   сенікі, енді  біздікі  болады »-деді.  Ашу мен ыза бірдей  қысқан  мен  өз  кезегімде: -«Шантажды  доғарыңдар. Мен  не  үшін  сендерге машинамды  бере салуым  керек»-деп  қарсылық   көрсеттім. Олардың   тосып отырғандары  осы  сөз екен,  сұрақ  қойып отырған пальтосының   қалтасындағы тапаншасын   жұлып  алып,  менің маңдайыма төседі, ал,  артжақта  отырған екінші кавказдық   қанжарын  кеңірдегіме тіреді және мойыныма тұншықтыратын жібек  жіпті іліп, тартып-тартып  қалды. Көзімнен  отым  бірақ шықты. –«Тыңда сен, саған  өлімнен қалудың бірақ  жолы  бар. Ол  мына  жаныңда  отырған   капитан-нотариустің  атына   машинаңды  жазып  беру. Сонда  ғана  тірі  қаласың» деді  сұрақ  қоюшы  қарақшы  дауысын  көтеріп. Сол екі  арада  бүкіл  өмірім   көз  алдымнан  өтті.  Балаларым не  болады. Ларисамды  есіме  алдым. Жоқ,  келісуім  керек, әйтпесе  бұлар мені   өлтіретіні   анық. –«Жарайды,  қол  қойып» беремін  дедім. Қасымда  отырған   капитан-нотариус менің  құжаттарымды  қолына  алып,   портфелінен бір  бума  қағаздарды  шығарып,   бірдеме   толтыра  бастады. Тағыда  банда  басшысы  маған  қарап   сұрақ  қойды: -«Машинада   отырғандар кімдер?  Олар қайда  барады? Ұлттары   қандай?». « Жолдан  отырғызып  алған  екі  жолаушылар.  Жап-жас қазақ азаматтары.  Сұраған  жоқпын,  студенттер ғой деймін,  каникулға Өскеменге  дейін  бара  жатқан.  Титтей  адамгершіліктерің  болса, оларға  тиіспеңдер.  Обал  болады»-деп жауап  бердім.  Қарақшының аты  қарақшы.   Олардың білетіндері тонау мен   өлтіру және  жауыздық  жасау  ғана. Банда  басшысы:-«Давид и Гонщик, эти  ребята  оказались не в то время,  не в том  месте. Нам лишних  свидетелей  не  нужно. Поэтому  срочно  их пускаем  в  расход. Сделайте  работу  аккуратно. Аллах нас  простить» деп  қатыгез  қанішер жендеттеріне ауыр  тапсырма  берді.    Арада екі-үш минут өттіме,  жоқпа  білмедім, түн  тыныштығын  «Калашников» автоматтарының  тырсылдаған дауысы бұзды.  Алдымен мен не  болып  қалғанын  түсінбей  қалдым. «Спецназ» келіп  бізді  құтқарып  жатыр  деген  де  ой   келді.Бәрі  астаң-кестең  болды. Анық  көргенім банда  басшысын менің  машинамдағы  жігіттердің   біреуі салоннан  ешкідей  бақыртып сүйреп шықты  да,  аспаннан  аяғын  келтіріп,  жерге  бірақ  ұрды. Бес минуттың  ішінде екі  қазағым   төрт  бандиттің  ит терілерін  бастарына  қаптады. Оларды   екі  қолдарымен  бастарын  ұстатқызып , жерге  тізерлетіп  қойды.  Сол  қалпыларында оларды  жолдың  екі   шетіне  қайта-қайта   жөргелетіп  жүргізді.  Мыстары кетіп,    кеуделерін әбден  қорқақтық   кернеген қараниетті  қарақшылар менің екі  аяғымды   құшақтап

,  өкіріп  жылап,   өлтірмеңдерші деп   кешірім   сұрады.   Қазақ   жігіттері  олардың  осы  бейшаралығын фотоға  түсіріп   алды.  Біз  оларды  Семей  қаласына  кіре  берістегі «ГАИ»  бекетіне жеткізіп, полиция  қызметкерлеріне тапсырдық. Олар, шынында,  өте  қатыгез жол торушы  ұрылар,  талай кісілерді  өлтіріп,  ұстатпай  жүргендер   болып  шықты. Сөйтіп    қазақтың    жап-жас екі жігіті    ерлік  жасады. Мені де,   өздерін  де   ажалдан  алып  қалды.  Таң  ата   Өскеменге  аман-есен жеттік. Оларға рахметімді  айтып,  қай  ауданның азаматтарысыңдар-деп сұрадым. «Біз ұландықтармыз!»-деген  құтқарушыларым,   «Речной вокзалдың» жанында менімен  қош  айтысып машинадан  түсті. Менің  қарсылығыма  қарамай    келісілген  жол  ақысын қолыма  ұстаттып  кетті.    Содан  бері, «ұландықтар» десе,  көңілім   жылып,   елеңдеп  тұрамын.

Николайдың  бастан  өткерген   хикаясын тыңдап,  700 шақырым жол  жүріп,  таңғы   алтыда  «Астана» мен «Қарағанды» жолдарының  қиылысында орналасқан   дәмхананың  алдына  келіп  тоқтадық. «Петров Николай Григорьевич, бір тәулік    ұйықтаған  жоқсыз  ғой. Дем  алып  алыңыз. Сізге мына  жол  қонақ  үйінен  бір орын   алып  берейін»-дедім. «Жоқ,  Сәке, борттағы  жан-жануар мөңіреп  тұрғанда, менің    ұйықтап  жатуым адамгершілікке жатпайды. Баратын  жерге  апарып  бірақ  демаламын» деп  жауап  қатты. Жүрегі  ақ,  жаны  таза   Николайдың  осы   әңгімесін  өз  құлағыммен  естігенге   он үш  жыл  толып,  он төртінші  жылға шыққанда  қолыма  қалам  алып,  қағаз  бетіне  түсіріп  оқырмандарыма   ұсынып  отырмын. Мына  аласапыран    заманда драма  мен трагедияға,   ерлік пен   адамгершілікке  толы   Николайдың    осы өмірі  повесть  оқырмандарының   көңілінен  шығып,  қажеттеріне  жараса   автордың нәтижелі   жұмысы  болып  табылады. 

 2016 жылдың  1 қаңтары.  Кешкі   сағат  19.52-де   аяқталды. Жазылған  жері Астана  қаласының   іргесіндегі «Отау түскен» ауылындағы   жазушы  үйі.

 

Қатысты Мақалалар