Моңғолия басшысы В. Путинді қуып шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708211056063_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путинннің халықаралық беделі күн өткен сайын төмендеп барады. Мәселен, соңғы 20 жылда Ресейдің ықпалынан айтарлықтай арылып, керісінше, қытай мен кәрістерге бүйрегі бұрып, америкамен араласып жүрген Моңғолия да орыс билігіне оң қабақ танытпайтындарын анық білдірді.

Биыл ел президенті Цахиагийн Элбэгдорж халықты жаңа жылмен әзіл түрінде құттықтаған роликке түсті. Роликте бір әртіс президенттің ролін ойнаса, президенттің өзі шаштараздың ролін сомдаған. Екеуара президенттің 2015 жылы ел үшін не істегені туралы әңгіме өрбітеді. Әңгіме үстінде есік ашылып, Ресей гимні ойнап "Путин" кірмекші болады (2:55). Алайда, шаштараз оған тайып тұрыңыз деп, қуып жібереді.

Қалай болғанда да әзіл түбі - зіл деген сөз бар. Осы ролик арқылы Моңғолия президенті Ресейге деген ұстанымын анық көрсетіп отыр дейді кейбір сарапшылар.

Дереккөз: shyn.kz/

 

Қатысты Мақалалар