Қытайда тұратын қазақ азаматтары kazakhsoft.com сайтын бірнеше жыл бұрын іске қосқан, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы 31-арнаға сілтеме жасап.
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді мақсат ететін сайт төте жазумен жазылған мәтінді кириллицаға, латын әліпбиіне сәйкестендіру мүмкіндігін беріп отыр.
Сондай-ақ, kazakhsoft.com сайтының жасаушылары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударатын сөздікті де іске қосқан. Енді жақын күндері сол сөздік аудиолық нұсқада да таратылмақшы.
