Түркияда 11 мыңнан астам мұғалім жұмыстан шығарылды

/uploads/thumbnail/20170709064550446_small.jpg

Оқу жылы басталуына бір апта қалғанда Күрд жұмысшылар партиясымен байланысы бар деген күдікпен елдегі 11 мыңнан астам мұғалім қызметінен кетті. Бұл көрсеткіш 14 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Қазрігі таңда 11285 ұстаз мәжбүрлі түрдегі ақылы демалысқа шығарылған. «Анадолу» ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қызметтен қуылған мұғалімдерге сепаратистік террорлық ұйымдармен байланысы бар деген айып тағылуда.

Түркияда барлығы 850 мыңдай мұғалім бар. Мұғалімдер елдің нақты қай аймақтарында қысқартуға ұшырағаны белгісіз. Күрдтер негізінен Түркияның оңтүстік-шығыс өңірінде, Сирия, Ирак және Иранмен шекаралас аудандарда тұрады.

15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен кейін ел үкіметі ауқымды тазарту жұмыстарын бастағаны белгілі. 80 мыңнан астам адам, оның ішінде әскерилер, журналистер, судьялар, декандар, Фетхуллах Гюленмен байланысты деген жаламен жұмыссыз қалды. Сол кезде Түркияның жоғары білім жөніндегі басқармасы университеттердегі 1577 деканды қызметінен кетіруді талап еткен еді. 

Связанные Статьи