Әлеуметтік желіде Әнұран орындалуы барысындағы оғаш жағдай қызу талқыланды. Аталған жағдай Оңтүстік Қазақстанда Тұңғыш Президент күнінің құрметіне өткізілген салтанатты жиында орын алған. Осы жиында «КТК» арнасының Оңтүстік Қазақстандағы тілшісі Марина Низовкина мен «Южный Казахстан» газетінің қызметкері Ирина Абрамованың әрекеті әлеуметтік желідегі қауымның ашуын туғызды.
"Әнұранымызды менсінбей, мелшиіп тұрғандары «асыңды ішіп, аяғыңды тебейін» дегенге келетіндей. Неге олай істеді? Меніңше, шовинистік пиғылмен әдейі істеп тұр. Білмей қалды дейтіндей де емес. Екеуі де білдей БАҚ-ның өкілдері. Мұндай жиынға да бірінші рет келмегені анық. Ережеге сай, жұртпен бірге қолдарын кеудесіне қойса, жүректері тоқтап қалар ма еді? Бүйте берсе, ел арасында ұлтараздықты тудырмасына кім кепіл? Бұлар үшін басқа заң жазылған ба, әлде?
Бүгін – екеуіне, ертең тағы бірнешеуіне осылай істетіп қойып, басындыра бермей, арнайы орындар қадағаласа екен", – деп жазады Нұрбол Орымбай.
Еске сала кетер болсақ, қатысты заңда:
«9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды», - деп жазылған.
Оставить комментарий