Жамбыл облысында жақын досының кішкентай егіз қыздарына бес жыл бойы арсыздық көрсеткен азғынға сот үкім кесті. Педофилдің жәбірленушілерге үш жасынан бастап сегіз жасқа толғанға дейін, айтуға ауыз бармайтын азғындық жасағаны дәлелденіп, 17 жыл арқалады.
Нәпсіқұмар қаршадай қыздарды зорламағанымен, ұдайы ұятсыз бейнероликтер көрсетіп, әуретті жерін ұстатып, тіпті сүйгізуге дейін барған. Мұндай сорақылық әлі де жалғасуы мүмкін еді. Жәбірленушілер болған жайтты абайсызда 10 жастағы нағашы әкпесіне айтып, ол анасына жеткізген. Егіз қыздың шешесі бұл сұмдықты естігенімен, күйеуінен жасырып, арадағы сан жылдық достық қарым-қатынасты ескеріп, 43 жастағы көршісін кешірген. Сөйтіп ың-шыңсыз елді мекеннен көшіп кетуін талап етіпті. Алайда азғын ауылдан қарасын батырмақ түгілі арада ай өтпестен бұрынғы әдетіне қайта басады. Сөйтіп, өткен жылдың қыркүйек айында қамауға алынған. Сотталған азаматтың әйелі мен кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар.