Флорида штатының тұрғынын мешітті өртеп жібергені үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мешітке өткен жылдың маусым айында қызтекелерге арналған Plus клубында 49 адамды атып өлтірген Омар Матин барған деп хабарлайды Рейтер.
Американдық Джозеф Шрайбер 2016 жылдың 11 қыркүйегінде мешітті өртеп жіберген. Шығын 100 мың долларға жетті. Көз жұмғандар мен жарақат алғандар жоқ. Шрайбер мешітке Матиннің бір кездері келгенімен байланысты емес екенін мәлімдеді.
12 маусымға қараған түні Орландодағы қызтекелерге арналған клубтағы атысты 49 адам көз жұмды және 53 адам жарақат алған. Шабуылдаушы Флориданың тұрғыны Омар Матин. Бұл АҚШ тарихындағы құрбандары көп шабуылдардың бірі болды.