Президент халықтың табысы туралы айтты

/uploads/thumbnail/20251008141731131_big.webp

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

 

Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

 

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

 

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Связанные теги :

Связанные Статьи