ЕСКІ ӘЛЕМ ЕНДІ ЖОҚ...

/uploads/thumbnail/20260219163625847_big.webp автор

Қазақта «қалыпқа салма, халыққа сал» деген жақсы сөз бар. Жалпы Қазақстан үшін 2026 жыл тағдыршешті шешімдер қабылдайтын жылға айналатын түрі бар. Бұл ішкі саясатқа да, сыртқы саясатқа да қатысты болжам.

Ішкі саясатта – Конституция қабылдау, парламенттік сайлау өткізу, саяси құрылымдарға өзгерістер енгізу т.б. болса, сыртқы саясатта – жаңа маневрлерді іздеуде белсенділік артады. Қазіргідей, гегемондар өзара білек күштерін сынасып, әлемдік бөлініске әрекеттеніп жатқан тұста, бізге керегі тұрақтылық пен тыныштық. Ол үшін керегі – барынша теңгерімді һәм есепке, мемлекеттік мүддеге негізделген, рационалды, прагматикалық сыртқы саясат.

Әлбетте, биылғы жылашар басты оқиғаларының бірі -  Конституция қабылдау ісі. Жалпы Тәуелсіздік жылдары қабылданған екі Конституция да еліміздің мемлекет болып қалыптасуы жолындағы өз функциялар толық атқарған құжаттар болды. Бұлар – Қазақстанның ішкі саяси жүйесін күшейтуден бөлек, Батыс талаптарына негізделген, еліміздегі жекешелендіруден бастап, нарықтық қатынастарды түбегейлі орнықтыруға қызмет еткен, шетелдік инвестицияның Қазақстанға ағылып құйылуына қызмет еткен Конституциялар болды. Одан бері де отыз жыл уақыт өтті. Қазір әлемдік геосаясатта көз іліспес жылдамдықпен өзгерістер жүріп жатыр. Жаңа тенденциялар туылуда. Солардың бірі – қазба-байлық, сирек металдар үшін күрес. Осыған дейін Қазақстан батыс пен шығыстың, солтүстіктің алпауыттарымен жасаған құпия келісімдердің мерзімі аяқталуға жақын қалды. Алпауыттарға май асатып, қазаққа қасық жалатқан сол келісімдердің егжей-тегжейі әлі құпия сақталуда. Бүгінгі Қазақстан халқы сол құпия келісімдерді жария етуді талап етуде. Бұл заңды талап!

Сонымен қатар, жаңа келісімдерде Қазақстанның мүддесіне басымдық беру, интеграцияның баламалы бағыттарын іздеу, логистикаға күш салу, транспорт, туризм, тереңдеп өңдеу, цифрлық даму салаларына екпін түсіру т.б. шешімдер қабылдауы керек. Бұл да уақыт талабы. Осы бағыттардың үрдіске, нақты іске айналуы үшін, адам құндылығын қорғап, қоғамның дамуы мен тұрақтылығын сақтауға кепіл болатын құжат – Конституция...

Әлгінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мюнхендегі жиында былай деді: «Ескі әлем енді жоқ. Ол көз алдымызда өзгеріп жатыр. Біз геосаясаттың жаңа эрасында өмір сүріп жатырмыз. Және әрбіріміз осы өзгерістердің ішінде әрбіріміздің атқаратын рөліміз қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздеуімізге тура келеді», - деді.

Уақыт ешқашан бір орында тұрмайды. Онымен бірге қоғам да, сана да, талап та өзгереді. Кеше ғана мінсіз көрінген заң бүгін ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан бұл реформалардың философиясы – мемлекеттің өз дәуіріне бейімделу әрекеті болуы керек деп ойлаймын...

Связанные теги :

Связанные Статьи