Атырауда 6 интернет-казино жабылды

    Darkhan Muqantegi
    Атырауда 6 интернет-казино жабылды

    Атырау қаласының прокуратурасы букмекерлік кеңсе не интернет-дәмхана түрі бойынша қызметті жүзеге асыратын 6 көлеңкелі интернет-ойынхананың заңсыз жұмыс істеп жатқандығын анықтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «Қазақстан Республикасының барлық аумағына пайдаланушылардың еркін қолжетімділігі бар интернет-ресурстарда ( www.vabank-play.com сайты) «Va-Bank casino» интернет-ойынханасы орналастырылған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, интернет-ойынхана орналастырылған осындай 5 сайт (www.netbet.com, www.va-bank.kz, www.vulkandelux.com, www.online-vulkan.com, www.Casino-x.com) табылды.

    Анықталған бұзушылықтардың жолын кесу үшін Атырау қаласының прокуратурасы Атырау қалалық сотына шетелдік БАҚ-қа орналастырылған интернет-ойынхананың 6 сайтын заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтату туралы талапарыз енгізілді.

    Атырау қалалық сотының 2015 жылғы 18 және 28 желтоқсаны аралығында көрсетілген сайттардың ҚР барлық аумағындағы қызметі тоқтатылды.

     

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025