• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:21:42
Алматы
+12°

26 Маусым, 2019 Саясат

Қырғызстан президенті Арыс қаласындағы жағдай туралы пікір білдірді

Төсекте басыл қосылмаса да, төскейде малы қосылған қырғыз бауырлардың басшысы Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көңіл айтты.

24.kz

Қырғыз елінің басшысы Түркістан облысында болған апатты жағдай туралы пікір білдіріп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

  • "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесті. Көрші елдің президенті Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза тапқандарға көңіл айтты", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қырғыз елінің басшысының айтуы бойынша, қазақ жерінде болған жарылыстардың жанына батқанын жеткізді.

Тоқаев өз кезегінде Жээнбековке Қырғызстанның бауырлас көңілі үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарға көңіл айтты. Сондай-ақ, Арыстағы жарылыс салдарынан болған өртті ауыздықтауға көмек беруге дайын екенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір