Нұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға ақша аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің twitter парақшасы арқылы хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев зардап шеккен тұрғындардың жағдайына алаңдаулы. Сондай-ақ ол канцеляриясы қызметкерлері мен елбасы көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақысын тиісті қорға аударды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Арыс тұрғындарының қайғысына бей-жай қарамауға шақырды", - деп жазылған хабарламада.
С целью оказания помощи Елбасы и сотрудники Канцелярии Первого Президента перечислили свой однодневный заработок в соответствующий фонд. Нурсултан Назарбаев призвал всех казахстанцев не оставаться равнодушными к случившейся трагедии и беде наших граждан. #АрысБізБіргеміз
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 25 июня 2019 г.
Пікір қалдыру