• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:42:37
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеудің халықаралық орталығы (OCCRP) экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасы мүшелерінің Швейцария банкіндегі шоттары туралы хабарлады. Ақпарат КазТАГ сайтында жарияланды.

"Credit Suisse банкінен жылыстаған деректерде Швейцария банкінен шот ашқан ондаған жемқор шенеунік, қылмыскер және адам құқықтарын бұзушылар туралы ақпарат бар. Ақшаны Швейцария банкінде сақтаудың еш сөкеті жоқ. Оның үстіне банктер ақшаны заңсыз жолмен тапқан клиенттермен жұмыс істемейді деген түсінік бар. (Бірақ) Credit Suisse бірнеше жылдар бойы күмәнді тұлғаларға қызмет көрсетіп келген. Олардың рупутациясын Google-дан іздеу арқылы тексеру қиын емес. Бірақ кейбір шоттар құқық қорғау органдарының талабы бойынша бұғатталған болуы мүмкін" делінген OCCRP зерттеуінде.

Аталған банкте Дариға Назарбаеваның 2008-2012 жылдар аралығында белсенді болған алты шоты ашылған.

Мәселен, Назарбаева атындағы корпоративтік шоттардың бірінде 21 млн 611 мың 765 швейцар франкі (21.02.22 – 23 млн 530 мың 306 доллар) қаржы болған. Басқа шоттарда 7 млн 048 мың 874 швейцар франкі, ($7 674 623,69), 6 755 025 швейцар франкі ($7 354 688,83) 36 416 швейцар франкі ($39 648,76), 6 471 963 швейцар франкі ($7 046 498,57) және 263 881 швейцар франкі ($287 306,51) қаражат болған.

Сондай-ақ, зерттеушілер Тимур Құлыбаевқа тиесілі тоғыз шотты анықтаған. Олардың барлығы корпоративтік шоттар. Олардың сегізі 2006 жылдан 2014 жылға дейін жұмыс істеген. Максималдық балансы 395 млн 50 мың 310 швейцар франкін ($ 430 120 111,17) құрайтын бір шот зерттеу кезінде белсенді болды.

Қалған шоттарда максималды баланс төмендегідей:

♦ 843 945 389 франк ($918 864 953,02);

♦ 187 930 франк ($204 613,11);

♦ 717 803 678 франк ($781 525 263,91);

♦ 121 637 франк ($132 435,08 );

♦ 101 825 франк ($110864,31 );

♦ 60,672 франк ($66,058,04);

♦ 65,175 франк ($70,960,78);

♦ 57,164 франк ($62,238,62).

OCCRP жеке зерттеуі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелі Надежда Тоқаева және олардың ұлы Тимурға тиесілі шоттар мен активтер туралы да ақпарат жариялаған. Ақорда зерттеудегі деректерді "фейк" деп, президентке ақпараттық шабуыл жасалып отыр деп хабарлама таратты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір