16 ақпанда АҚШ-тың Миннесота штаты Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
– Біздің отандасымыз оқ жарақатынан өз көлігінде қайтыс болған, – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадировтың сөзінше, қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
– Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды, – деді ол.
Сот-медициналық сараптама әйелдің 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтады.
Пікір қалдыру