Ұлыбритания: Батыс Ресейге "өте, өте ауыр" санкциялар дайындап жатыр

/image/2022/02/21/crop-5_0_353x632_sei_88930659-640x360.jpeg

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Батыс дайындап жатқан экономикалық санкциялар Мәскеуге "өте, өте ауыр" тиетінін айтты.

Оның сөзінше, санкциялар Владимир Путиннің Еуропадағы 1945 жылдан бергі ең ауыр қақтығысты бастауына тосқауыл болу үшін әлі де жеткіліксіз болуы мүмкін.

Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ пен Ресей басшыларының кездесуін ұйымдастыруға шақырған.

Макрон қос тараптың басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, екі жақтың келісімін алған. Кездесу барысын 24 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкет мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесу кезінде әзірлейді.

Ресми Париж саммитті Ресей Украинаға басып кірмеген жағдайда ғана өткізу мүмкін екенін айтады.

Соңғы бірнеше тәулікте Ресей-Украина конфликті ұшыға түсты. ОБСЕ-нің арнайы мониторингтік миссиясы 19 ақпан күні ғана оқ атуды тоқтату режимі 1500 рет бұзылғанын мәлім еткен. Байден Кремь Киевті басып кіру туралы шешімді қабылдап қойған деп санайды.

Батыстық арнайы қызмет дерегінше, Ресей-Украина шекарасы маңында Мәскеудің 150 мыңнан астам әскері орналастырылған. Кремль болса, басқыншылық жасауды жоспарлап отырмағанын айтады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар