• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 01:28:22
Алматы
+35°

Ақмола гарнизоны Әскери соты өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмринге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. 

"Әмрин ысырап ету фактісі бойынша Семей гарнизоны Әскери соты ақтау үкімін шығаруы үшін сотталушыны сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды" делінген Антикор ақпаратында.

Хабарламада сот шешім шығарарда күдіктінің бұрын сотталғанын, пара беруге оқталғанын ескергені айтылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір