• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Мамыр, 18:14:42
Алматы
+35°

Бүгін Алматыдағы Бостандық аудандық №2 соты қаңтар оқиғасында айыпталған 25 адамға сот үкімін шағарды.  

Сот қаңтарда қаза болған Думан Қанатбектен басқа айыпталушылардың барлығына шартты жаза берді. "Қамауда болғандардың барлығы босатылды" – деп хабарлады адвокат Айнара Айдархан.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 2–4 жыл аралығында  бас бостандығынан айырумен қатар шартты жаза сұраған. Айыпталушыларға "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты", "қару–жарақ ұрлады", "ғимараттарға шабуыл жасады" деген айыптар тағылған. Азаттық радиосының хабарлауынша, айыпталушылардың кейбірі айыпты ішінара мойындаған, кейбірі келіспеген.

Сондай–ақ, сот отырысы басталмай тұрып жиналған халық залға сыймай, соттан үлкен залды беруді, әділ үкім шығаруды талап етіп ұрандатқан. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қаңтар оқиғасы сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір