Қытайда Қазақстанның үшінші Бас консулдығы ашылды

/image/2023/05/19/64670ab6eb00b038870295.jpeg

Қытайда Қазақстанның үшінші Бас консулдығы ашылды. Үшінші консулдық Сиань қаласында орналасқан. Бұған дейін Қазақстан консулдығы Шанхай мен Гонконг қалаларында да бар болатын. 

Консулдық округына мына провинциялар кіреді: Шэньси (39,5 млн адам), Ганьсу (24,9 млн адам), Сычуан (83,7 млн адам), Хубэй (58,3 млн адам), Нинься-Хуэйский автономды ауданы (7,2 млн адам) және Чунцин қаласы (32,2 млн адам).

Чанба ауданында орналасқан Бас консулдықтың ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев қатысты.  

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар