Астана қаласында қастандықпен өлтірілген Ерасыл Әубәкіровті азаптаған коттедж табылды, - деп хабарлайды «КТК» арнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, екі қабатты коттедж мейрамдарды атап өту үшін және көңіл көтерушілерге жалға берілетін көрінеді. Тұрғын үйді жалға алу құны бір тәулікке бар болғаны 40 мың теңгені құрайды екен.
Аталған оқиғаға қатысы бар үш адам – Ерасыл Әубәкіровті өлтіруге тапсырыс берген Аян Мейірбаев, тапсырысты ұйымдастырушы Нұрбек Әжімбай мен тапырысты орындаушылар Андрей Тихоненко мен Виталий Шерстенев тергеу аяқталғанша қамауға алынған болатын.
Тергеушілер студенттің өмірінің соңғы күніндегі болған оқиғалардың тізбегін жасап шықты. Олар күдіктілер қай уақытта кімге телефон шалғандарын, коттеджге қандай таксимен жеткендеріне дейін білеміз деп отыр.
Естеріңізге салсақ, 10 ақпан күні Астана сыртынан студент Ерасыл Әубәкіровтің мәйіті табылған еді. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, төрт адам қамауға алынды. Алайда, тапсырыс беруші Аян Мейірбаевтің адвокаты Ерлан Бекболов Аянның Ерасылмен жеке таныстығын жоққа шығарып, құқыққорғау органдарынан істің материалдарын құпия ұстауды сұрап отыр.
Пікір қалдыру