Сапарбаев өзі туралы жаза беретін өңірлік БАҚ басшыларын тыйып тастады

/uploads/thumbnail/20170708221322400_small.jpg

Ақтөбе облысындағы мемлекеттік саясатты насихаттаушы ақпарат тқұралдарының басшыларымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі журналистерден өзі туралы жаза бермеуді сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы stan.kz – ке сілтеме жасап.

Aқтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өңірде әкімнен басқа да жазуға тұрарлық мәселелердің көбін айтты. Облыстық  «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» басылымдары мен «Қазақстан-Ақтөбе» арнасының басшыларына  шалғай ауылдарға шығып, ондағы тіршілік пен елдің мәселесін көтеруге болатынын мысал еткен.

«Сіздердің орындарыңыз басқа. Сондықтан ауыл тұрғындары, ол жақтағы еңбек адамдары туралы кеңінен насихатталу керек»,-деді Сапарбаев.

Облыстық басылымның соңғы саны алты бет болып шыққанын, оның төрт беті жарнама мен ресми құжаттар екенін, қалған екі беті әкім мен оның орынбасарына арналғанын айтқан ол:

«Сіздерде басқа материалдар мен мәселе жоқпа не?»,-деп жиналған редакторларға төтесінен сұрақ қойыпты.

Мысалдары мен дәлелдерін келтіре айтқан әкім өңірлік БАҚ басшыларына облыстық телеарнаның  материалдық-техникалық базасының жақсы екенін еске салды. Сол үшін де алдағы уақытта ескі бағдарламаларды қайталауды қойып, жаңа бағдарламалар мен өзгерістер жасауды ұсынды.

 

Қатысты Мақалалар