Танымал продюсер Баян Есентаева казинода төбелес шығарған азаматтың өз отбасына қатысы жоқтығын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Казинолардың бірінде ақша ұтылып, ойынхана қызметкерлерімен төбелескен жігіттің видеосына қатысты Баян Есентаева түсініктеме берді. Ғаламтор қолданушылардың көбі видеодағы азаматты продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевқа ұқсастқан еді.
«Болған жайдан хабардармын. Видеоны да көрдім. Бірақ, оған менің күйеуімнің ешқандай қатысы жоқ. Олар аттас болуы немесе біреулердің осылай қасақана істеуі мүмкін», - дейді Баян Есентаева ханым.
Пікір қалдыру