Режиссер Асқар Бисембин тұрмыс құрмаған отыз жастағы қыздардың өмірі жайлы «Замуж в 30» фильмін түсірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы baistars.kz – ке сілтеме жасап.
Режиссер Асқар Бисембинге Әсел Сәдуақасовамен жұмыс істеген ұнаған сияқты. Ол «Адель» фильмінен кейін бірден «Замуж в 30» фильмінің түсіріліміне кірісіп, Әселді қайта басты рөлге тағайындапты. Ал, Әселдің ғашығының рөлін актер Санжар Мәдиев сомдады.
Фильмнің басты саундтрегі ретінде Айқынның «Отыздан асып барамын» әні таңдалған.
Романтикалық фильм сәуір айының 7-сі күні көпшілікке ұсынылмақ.
Пікір қалдыру