ТЕНТІРЕП ҚАЗАҚ КЕТПЕСІН?!.

/uploads/thumbnail/20170708223402283_small.jpg

Біз қайда барып кіреміз,

Не түрін көріп мазақтың?

Заманда өмір сүреміз,

Қадірі кеткен қазақтың!

Бүгінде кілең құл кеще,

Бір бәле таппай сүйкенер,

Асып та тасып күн кешсе,

«Шүлдір» мен «Шүлдір бикелер»,

 

Кеудесін тосып дауылға,

Үмітім бір күн өше ме?

Ал Қазақ, қырда ауылда,

Өлместің күнін кеше ме?

Ілдалала менен әреңмен

Күн кешіп жүр ек өңгеміз.

Болмастан бабы әуелден,

Тентіреп кетті теңгеміз!..

Сен бармыз және мен бармыз,

Түбіме мынау жетпесін!

Ендігі үміт тек жалғыз:

Тентіреп Қазақ кетпесін!..

 

ҚАЙДА, БЕЗІП КЕТЕЙІН?..

Сезім жайлы жыр жазсам,

Ол да жұртқа жақпады.

Өзім жайлы жыр жазсам,

Ол да қыртқа жақпады.

Бос сөздерді  тәрк етіп,

Демалайын десем де.

Бірдеңе айтсам, сарт етіп,

Сөз өтпеді есерге...

Мына менің сорыма,

Бір тиянақ таппадым.

Сөз қуғандар тобына,

Мен бәрібір жатпадым.

«Партиядан шыққанмен

Жағалапты билікті...»,

Өстіп, шатып, бұтқанмен,

Қайран жүрек, ширықты...

«Енді Жұмаш, қызығы,

Махаббатқа көшіпті»,-

Деген жұрттың бұзығы,

Оңды, солды есіпті.

Басым қатты ағайын,

Қалмады айтар сөзім де.

Кімге, қалай жағайын,

Оңбаймын-ау, өзім де...

«Мен, не деппін, не деппін?..»

Сөз ұқпады ал, мынау.

«Екі от» емес, көп оттың,

Ортасында қалдым-ау...

Анау, алай тартады,

Мынау, былай тартады.

Төзімімді сарқады,

Құрғыр жүрек шаршады.

Кімге, неммен жағайын,

Айтыңдаршы, не етейін?

Соныменен, ағайын,

Қайда безіп кетейін?..

 

НЕ ӘКЕСІНІҢ ҚҰНЫ БАР?..

«Алтындамын...», «мыстамын...»,

Кімдер жасар қыспағын?

Өсекшілер сөзінен,

Жынды адамға ұқсадым.

 

Төзімімді сарқады,

Не қулары бар, тағы.

Мені алай тартады,

Мені бұлай тартады.

Дұрыс сөзді ұғынар,

Жатып алып, бұғынар,

Айтыңдаршы, олардың,

Не әкесінің құны бар?..

 

НЕ АЙТАРЫМДЫ БІЛМЕЙМІН...

Сөз ұғарды таппайсың,

Тағы тыныш жатпайсың.

Түсінікті - жаманы,

Жақсы айтсаң да жақпайсың.

Беретін бос «еңірей»,

Төзімім де темір, ей.

Мына заман, не заман,

Мынау қандай өмір ей?

Жыламаймын, күлмеймін,

Тағы тыныш жүрмеймін.

Айтар сөзім таусылды,

Не айтарымды білмеймін...

 

БІЛГЕН ... МЫЖЫСЫН...

Неге оларға боқтатам,

Неге оларды тоқтатам?

«Бомба болып жарылсам ба?» деп кейде,

Өзімді-өзім тоқтам...

Ал, іштері тар екен,

Ішкендері бал екен.

Бұл Қазақтан сөз қалмаған десек те,

Өлмепті олар, бар екен.

Сендер, жүрек сызысың,

Сатқындардың ізісің.

Маған тиіскен ондайларға не айтам,

Білген б...н мыжысын...

 

ҒАЛЫМЖАНДА НЕ ӘКЕСІНІҢ ҚҰНЫ БАР!..

Тырнап ашып, іште жатқан жараны,

Үсті-үстіне топырлатып жаланы,

Мен бұлардың түсінбедім мақсатын,

Жақсы адамға неге күйе жағады?

Олар жаққан қара күйе, табадан,

Қара ғана қалады екен «қарадан».

Сонда бұлар шеттерінен – «ақ» тағы,

Біздің жігіт, кінәлі ме анаған?

Көр тышқандай, індеріне тығылар,

Мен білемін, «қызылы» бар, «сұры» бар.

Соншалықты қара күйе жағардай,

Ғалымжанда не әкесінің құны бар?..


ҚАЙДА, БЕЗІП КЕТЕЙІН?..

Сезім жайлы жыр жазсам,

Ол да жұртқа жақпады.

Өзім жайлы жыр жазсам,

Ол да қыртқа жақпады.

Бос сөздерді  тәрк етіп,

Демалайын десем де.

Бірдеңе айтсам, сарт етіп,

Сөз өтпеді есерге...

Мына менің сорыма,

Бір тиянақ таппадым.

Сөз қуғандар тобына,

Мен бәрібір жатпадым.

«Партиядан шыққанмен

Жағалапты билікті...»,

Өстіп, шатып, бұтқанмен,

Қайран жүрек, ширықты...

«Енді Жұмаш, қызығы,

Махаббатқа көшіпті»,-

Деген жұрттың бұзығы,

Оңды, солды есіпті.

Басым қатты ағайын,

Қалмады айтар сөзім де.

Кімге, қалай жағайын,

Оңбаймын-ау, өзім де...

«Мен, не деппін, не деппін?..»

Сөз ұқпады ал, мынау.

«Екі от» емес, көп оттың,

Ортасында қалдым-ау...

Анау, алай тартады,

Мынау, былай тартады.

Төзімімді сарқады,

Құрғыр жүрек шаршады.

Кімге, неммен жағайын,

Айтыңдаршы, не етейін?

Соныменен, ағайын,

Қайда безіп кетейін?..

Жұмаш Көкбөрі

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар