Мен сізге тілекші боламын (Тағдырлы жанның жырлар топтамасы)

/uploads/thumbnail/20170708223729380_small.jpg

Жасымаңызшы,

Жаным жылайды.

Жалындаңызшы,

Сол маған ұнайды.

Мұң мен азаптардан,

Арашалап қалдыңыз.

Жан күйрер мазақтардан,

Жүрегімді қорғай алдыңыз.

Жарық күн күлімдер әлі сан,

Арайланып атса ерек бір таң.

Өтпелі жалғанның сынынан,

Сүрінбеңіз тілекшіңіз болам.

Қуаныңызшы,

Көзіңіз күлсін бір.

Қуаныңызшы,

Тусын тосын жыр.

Шаттаныңызшы,

Алақай айтайын.

Бақ табыңызшы,

Құттықтап қайтайын.

     Жүрегіңді қорға.

Жылатар надандар,

Жүрегіңді жаралар.

Жалған сөздерімен,

Ақ жаныңды қаралар.

Жүрегіңді қорға,

Түспеу үшін орға.

Сүйене  білгін әркез,

Қадіріңді сақтар арға.

Көктемім.

Сені күтіп жүргелі,

Қыс ызғары сезілмес.

Арманмен көзім ілгелі,

Жан дерті жанға білінбес.

Көктемім,

Келеріңе сенемін ертең,

Тоқтамаса өмір сағатым.

Жастықтың күйін шертем,

Жетеді оған дейін тағатым.

Шынар ағашымын,

Бүр жарар сәті жақын,

Шынар ағашымын,

Бұзбайтын өмір салтын.

Көктемге  ғашық қалпым,

Жанымды жылытар күн.

Жылы жел соққан шақтан,

Басталады көктемгі әнім.

Сезімге сену.

(Сезімнің жыры)

Кімдерге сезім қадірлі,

Табылмас көп жан ізгі.

Орындамас адамдар бар,

Жүректен түскен әмірді.

 Жүрегім сүйген еді,

Сезімге сенген еді.

Өмірдің сан сынағын,

Жүрегім білмеп еді.

Жүрегім сырын жасыра,

Жанарды одан қашыра.

Түк таппадым бәрі бір,

Қиналыстар ғана  расында.

Уақыт ұмыттырар дегенмін,

Сезімім сөніп тынар дегенмін.

Жүрегім ырқыма көнер емес әлі,

Тап дейді жүрегім өзіне  керегін.

                       Ана.

                 Фериде Аслан.

                         (Аударма)

                                                  Аман болсын аналар,

                                                 Сәби жүректер саялар.

                                                  Барша сәбиге қадірлі,

                                               Аялы сол бір алақандар.

Талай түн кірпік ілместен,

Сәбиінің ұйқысын күзеткен.

Жарық дүние сыйлаған ана,

Алғыс айтам  сәби жүрекпен.

Құшағыңа гүлді,

Толтыратын күнді,

Аңсап талай ана,

Балапаның көз ілді.

Өмірдің сырын үйреткен,

Тағдырдың өзін күйреткен.

Аналарға қарыздармыз біз,

Күні-түні  бесік тербеткен.

Жаныңның жылуын,

Іздейді әр сәт құлының.

Үніңді естімесем бір күн,

Еңсені басады ауыр мұң.

Сенім берген сынар шақ,

Қуат берген құлар шақ.

Жасымды тыйған жан,

Жырымсыз жылар шақ.

Сәбилік шағымды,

Жүрегім сағынды.

Сол сәби жүрегім,

Ана деп сабылды.

 

Сүйгенің керек.

     Фериде Аслан.

Сүйгенің керек,

Себебін білмей.

Іздеуің керек,

Үмітіңді үзбей.

Сүйгенің керек,

Сағына аңсап.

Іздеуің керек,

Күн ұзақ шаршап.

Сүйгенің керек,

Жанарың жассыз.

Іздеуің керек,

Хатпен толассыз.

Топанбай Мейірхан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар