Ресейдік Халық әртісі, композитор, режиссер Владимир Назаров РФ президенті Путинге үндеу жолдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Үндеуінде В. Назаров Украинаның әскери ұшқышы, бүгінде Ресейде тұтқында отырған Надежда Савченконы босату туралы сұрады. Өзіне «Халық әртісі» атағын Кремльде табыстағанын Путиннің есіне сала отырып, режиссер оны әйелді өлтірмеуге шақырды.
«Сол 2016 жылы Сізден әйелді – Надежда Савченконы, бар кінәсі өз отаны Украина үшін қызмет еткен, жауынгер офицерді өлтірмеуді сұраймын деп ойламадым», - деген В. Назаров Путинге жауды да сыйлау керектігін айтады.
«Ол Сіздің жауыңыз болғанымен ол офицер, әскери тұтқын, оның өзіне құрмет көрсетілуіне құқығы бар. Өйткені, ол өз Отаны алдында міндетін атқарды. Сіз офицерлік абырой туралы көп айтасыз. Онда өз жауыңызды да сыйлаңыз. Сіз ешбір судья, ешбір прокурор, ешбір милиционер жоғарының, Сіздің бұйрығыңызсыз саусақ ұшын қимылдатпайтын бүгінгі жүйені құрдыңыз. Сіз сот жүйесіне қанша жерден араласпаймын десеңіз де тәжірибеде біз керісінше жағдайды көріп отырмыз», - деген өнер қайраткері әскери ұшқыш Надежда Савченконы тұтқыннан босатуды сұрады.
Бүгінде Ресейде тұтқында отырған ұшқышқа мемлекеттік айыптаушы 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы мен 100 мың рубль айыппұл салуды сұраған еді. Бүгін Н. Савченко сотта ақтық сөзін айтуы тиіс.