«ЭКСПО - 2017» көрмесі жасыл экономиканың дамуына жол ашады

/uploads/thumbnail/20170708232153527_small.jpg

Әлемдік деңгейде энергияны ұтымды пайдалану күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды. Энергияның  басқа да көздерін, саналуан түрлерін пайдалануды жүзеге асыруға байланысты қалыптастыратын өндірістің жаңа стратегиялық салалары пайда болды.

Бұл реттен алғанда, Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының өзектілігі арта түспек. Бұл мәселе бойынша еліміздің «жасыл» экономиканың дамуындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналу мүмкіндігі бар. 

Себебі, көрме осы бағыттағы ең озық, ең мықты жаңартылған технологияларды бір алаңға жинайды. Яғни, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жарқыраған жаһандық оқиға болмақ, «жасыл» экономиканың болашақтағы дамуына және жаңартылған, басқа қуат көздерін пайдалануда жаңа тыныс береді. «ЭКСПО-2017» іс жүзінде бұрынғыдан да сенімді және тепе-теңдікті қалыпта ұстайтын болашақтың энергиясын әлемге жариялайтын халықаралық маңызды шара болатынына сенімдімін.

Ал, жоғары білім беру мекемелеріне, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлтық  университетіне келсек, біздің барлығымыз үшін «ЭКСПО-2017» ғалымдар мен мамандардың жаһандық қарым-қатынас алаңына айналып қана қоймай, іс жүзіндегі және ғылымдағы зерттеулердің революциялық қарқынды қадамы болмақ», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» қоғамдық кеңесінің төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мырза.

Мысалға алғанда, көрме барысында, одан соң жаңа ғылыми трендтер, жобалар, мамандықтар пайда болады. Біздің университеттегі «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқару және инжиниринг» кафедрасында қазірдің өзінде бірқатар бағыттарда зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Атап айтатын болсақ – Қазақстан ландшафтарын климаттың өзгерулерін есепке ала отырып, оның өнімділігіне және сыйымдылығына экологиялық баға беру, «жасыл» құрылыстардың экологиялық проблемалары, жылу беру жүйесінде энергияны үнемдейтін жылу үрлегіштерді пайдалану және басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізілуде.   

Осы ретте, «Жасыл экономика», «Энегрияның балама көздері» деген сияқты қолданысқа енді еніп жатқан ұғымдарға түсінік бере кеткен жөн. Қазіргі кездегі өмірдің шындығы барлығын, бүкіл әлемдік ээкономиканы «жасыл» экономиканың энергияны үнемдеу технологиясы жағына бұрылуға мәжбүрлеуде. Бұл климаттың өзгеруіне және шикізатқа тәуелділіктен алшақтауға байланысты. «Жасыл даму» идеясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі басымдылығы болып табылады. 2013 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өтуі туралы концепциясы» бекітті. Бұл ең алдымен – күн көзінің қуаты, желдің, жер астының қызуы энергиясы, биожанармай, сондай-ақ электр энергиясын үнемдеп және оның шығынын бірнеше есеге төмендететін жаңартылған энергия үнемдеу технологиясы сияқты энергия көздерін жаңартуға қатысты жұмыстар.  

Мысалы, Жапония бір кездерде экономикалық дағдарысқа жауап ретінде өткен ғасырдың 50 жылдарында басқа, экономиканың жоғары технологиялық салаларына бет бұрған болатын, сөйтіп арада он екі жыл өткенде электрондық өндіріс саласында әлемдік көшбасшығы айналды.

Бұл тұрғыдан келгенде, «ЭКСПО-2017» көрмесі де біздің мемлекетіміз үшін аса қажетті дағдарысқа қарсы жоба болатындығына сенемін. 

«Айқын» газетінде жарияланған «Астана ЭКСПО-2017» қоғамдық кеңесінің төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мырзаның сұхбаты негізінде әзірлеген: Дархан Мұқантегі

 

 

Қатысты Мақалалар