Психикалық дертпен ауыратын 30 жастағы оқытушы оқушылардың көзінше мектеп жанындағы алаңда оқушы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлер бұл жайтты суретке түсіріп үлгерген. Суреттен оқытушының тыр жалаңаш күйде оқушы қызды қабырғаға тақап, зорламақ болған сәтін көруге болады.
Мектеп әкімшілігі ол оқытушының 2011 жылы психиатриялық емханадан тексеруден өткенін, нәтижесінде оған лабороторияда жұмыс істеуге, арасында сабақ беруге рұқсат бергенін айтады.
Оқытушы жұмыс істеген 5 жылда өзін тек жақсы жағынан көрсеткен екен. Сондықтан ешкім одан мұндай әрекетті күтпеген.
Мектеп мұғалімдері оқушы қыздың зардап шекпегенін айтады.