Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша 14 бала жол бойында түрлі жарақат алған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш өткен жылмын салыстырғанда 18%-ға аз. Десе де, полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастыруда. Сондай акциялардың бірі елордада 29 наурызда бастау алған «Назар аударыңыз, жүргінші» атты арнайы шара. Ол 4 сәуірге дейін жалғаспақ.
Акцияға оқушылар да белсенді қатысуда. Жас инспекторлар жол бойындағы жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар білезік пен арнайы жабыстырғыш таратты.
Айымгүл Валеева Астана қ. ІІД жергілікті полиция инспекторы:
- Астана қаласының жол жүру ережесін сақтау үшін және травматизмды азайту үшін білезік, сөмкелеріне тағылатын элементтерді таратамыз.