Ашық хат: ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАУІП ТӨНДІ!

/uploads/thumbnail/20170708232742172_small.jpg

Павлодар тұрғыны, қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі биліктің жоғары мінберлерінен айтыла бастаған орта мектептерде үш тілде оқыту жүйесіне көшу туралы бастамаға алаңдаушылық білдіріп, ел азаматтарын аталған бастамаға қарсылық танытуға шақырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Руза Бейсенбайтегінің айтуынша, бұл бастама қазақ тілінің тағдырына үлкен қауіп төндіріп, ана тіліміздің білім, ғылым, жоғары технология тіліне айналуына кедергі жасайды. Қазақ тілін меңгерген азаматтардың қатарының сиреуіне алып келеді.

Белсенді жоғары деңгейде көтеріліп жатқан осы бастамаға қатысты Ашық хат ұйымдастырып, оны Елбасыға, Білім және ғылым министрі мен Парламент депутаттарына жолдамақ.

Төменде Руза Бейсенбайтегі ұйымдастырып жатқан Ашық хат мәтінін жариялап отырмыз.

ҚР Президенті Н. Назарбаевқа

ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевке

Сенат және мәжіліс депутаттарына

БАҚ өкілдеріне

Ашық хат

Білім жүйесі, Қазақ елінің мектеп жасындағы ұрпағына кезекті эксперимент жүргізбекші. Сорақысы осы жолғысы -  тіліміздің мүлде өшуіне (бұл ұлт өшуінің алғышарты екені сөзсіз) қойылған төте жол. 

Себебі, мектептерде енді 2 пән ғана қазақша – Қазақстан тарихы және қазақ тілі, қалған барша жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтпек, орыс тілі және дүние жүзі тарихы орысша өтпек. Бұл - ұлтқа деген қарусыз, аштықсыз, т.б. физикалық түрмен емес, бірақ нақтылы рухани геноцид деп бағалауға әбден болатын жаһандық шара. Өйткені барша мамандар, өте жуық болашақта (қазақ тілі мен Қазақстан тарихы мамандарынан басқалары) ағылшын тілді болмақ. Барлық ғылымның алғышарты жаратылыстану пәндері екені белгілі. Бұл қазақ тілі ғылымнан ығысады, алғашқыда қолдану аясы мүлде тарылып, соңынан тарих қойнауына кетеді деген сөз. Өйткені қоғамдағы қатынас - сол қоғамды құрап отырған мамандардың тілінде өтетіні анық.
Осы орайда, бұның ҚР конституциясына мүлдем қайшы екенін және Елбасымыздың 2 жолдауын:

- 2012-жылғы: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз»;

- 2014-жылғы: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады»), - еске сала отырып, ҚР барлық мектептердегі бастауыш сыныптардың мемлекеттік тілде оқытылуын, орта мектептің 70 пайызынан кем емес бөлігінде оқу тілі мемлекеттік, қалғаны сұраныс тілінде болуын талап етеміз!

Шетел тілдері: ағылшын, неміс, т.б. тілдер пән ретінде, қажеттілік бойынша, гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша оқытылсын. 
Қазақ тілінен әдейі үркіту пиғылмен жасалып отырған қастандық - халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару доғарылсын. Өйткені, әр дамыған толыққанды өмір сүре алатын тілдер – жүмыс тілі, яғни заманауи техника мен технологиялар тілі. 

Тек осы жолмен жүрсек қана тарихта өз ұлтын тілі арқылы жойған мемлекет ретінде қалмайтынымызға, керісінше ұлтымыздың алдындағы парызымызды әр азамат сезініп, дамыған мемлекеттердің ортасынан орнымызды ойып орнығатынымызға сенімдіміз!

 

Аты-жөні

Мекен-жайы, байланыс телефондары

 

1

Бейсенбай тегі Р.З.

павлодар қ., тел. 8701-182-52-65

қол

2

Омарбек Байсалиев

Тараз қ. Зейнеткер. тел. 87018863990.

+

3

Тайжан Мұхтар.Болатханұлы.

Алматы қ, кəсіпкер, 8-7772552266.

+

4

Жақып А.Б.

Көкшетау қ. 87771899170

+

5

Мазақбай Айгүл.

Ақтау қ.Есепші.87755577003

+

6

Гүлнәр Тоқайқызы

Алматы қаласы, +77013137439

+

7

Ертай  Мұратхан

Қарағанды. қ. 87014741527

+

8

Торбаев Раушан 

Астана. Құрылысшы, 87476051971

+

9

Торбаева Феруза Мельдехановна

Астана. +77024098376

 

10

Кабылбеков Мамет.Алматы.

87014045286.

+

11

Ардақ Бораш

Бейнеу, Маңғыстау. 87012558250.

+

12

Атошев Нурлан.

87079141084

+

13

Камиша есмұхаметқызы

87013837983. Алматы қаласы, заңгер

+

14

Кусайын.Жылкышиев

Мангыстау.Шетпе.87013413727

+

15

Тлекбаев Айтқали .

8701 431 75 74 Маңғыстау обл .

+

16

Атошев Нурлан

87079141084

+

17

Макбал Жабагина

77474658719

+

18

Сейілхан Кеңаралов

87052156889 Қостанай қ. 

+

19

Куштаева Алия -

87471749697

+

20

 Бапаева Индира . Тараз.

8 777 089 78 79

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық хатты ұйымдастырушы – баянауылдық қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі.

 

Қатысты Мақалалар