Қарағанды облысы ТЖД Шерубайнұра өзенінің гидрологиялық посттарындағы жағдайға байланысты ескерту таратты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Шерубайнұр посты - Қарамұрын жол айырығында су деңгейі қауіпті белгіге жетіп қалды. Сағат 08.00-де нақты деңгей - 410 см. Шерубайнұра-Шопан кентіне су деңгейі қауіпті деңгейден асты. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша деңгей - 465 см», - делінген хабарламада.
«Қазсушаруашылығы» РМК қарағандылық филиалының ақпаратына сәйкес, 5 сәуірде сағат таңертеңгі 7-ден бастап, Шерубайнұра су қоймасынан төменгі арыққа су ағызу секундына 44 м3 шығыспен жүргізілуде. Ол Жартас су қоймасы арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, филиал 5 сәуірде сағат 12.00-ден бастап, Ынтымақ су қоймасынан төменгі ағысқа су ағызу секундына 150 м3 шығыспен жүзеге асырылатынын хабарлады.