Ресейлік актер Сергей Светлаков жүргізушіден таяқ жеген қарияға араша түсті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232741063_small.jpg

Әлеуметтік желіде ресейлік актер Сергей Светлаковтың жол бойында жүргізушіден соққы жеп жатқан қарияға көмектескені түсірілген видео жариялануда.

Онда кездейсоқ көліктің ішінен жол үстінде болып жатқан кикілжің түсірілген. «Мерседес» көлігінің жүргізушісі қария мінген «Москив 2141» көлігін тоқтатып, көлік ішіндегі қарияны аяусыз соққылай жөнеледі. Осы кезде оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктен ресейлік актер Сергей Светлаковқа ұқсайтын бір азамат түсіп, қарияны сабап жатқан жігітті таяқтың астына алады. Дөрекі жүргізушіні жөнге салып қана қоймай, актер ол мінген көліктің де терезесін шағып, айнасын қиратып кетті.

Ескерту: Видеода орыс тіліндегі былапыт сөздер айтылады.

Қатысты Мақалалар