Президент Назарбаев Таулы Қарабаққа таласып соғысып жатқан Армения және Әзербайжан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екі елдің көшбасшыларымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Минск тобына айрықша рөл беріледі». Делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақорда баспасөз қызметінің айтуынша, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.