Мәдениет және спорт министрлігіндегілер «Қазақстан» сөзін қатесіз жаза алмай ма?

/uploads/thumbnail/20170708233122988_small.png

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тағы да ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолымен бекітілген Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің  Ережесі» атты бұйрықта 50 шақты грамматикалық қате шыққан, - деп жазады «Қамшы» порталы «Қазақ үні» сайтына сілтеме жасап.

Сайтқа Мереке Алаш есімді оқырман министр бұйрығының фотокөшірмесін жолдаған. Бар-жоғы 4 беттік бұйрықтың әр бетінде 20-ға жуық грамматикалық қате жүр. Бұйрықты дайындаған мамандар «Қ» мен «К», «Ғ» мен «Г», «Ц» мен «Ң», «П» мен «Н» әріптерін айыра алмайтын секілді.

«СҰМДЫҚ! МЫНАНЫ КӨРСЕҢІЗ, КӨЗІҢІЗ ТҮСІП ҚАЛМАСЫН! Құрметті тіл жанашырлары және журналистер, сіз болып, біз болып, тіліміз үшін тірлік жасамасақ, МИНИСТРЛІК қайдан жасайды мына түрімен. Бір ғана бұйрықта 50 шақты қатені көріп, ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолымен бекітілген Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің  Ережесі екеніне күмәнданасыз. Мемлекет үшін маңызы бар, әсіресе, қазақ тілі үшін маңызды бұл бұйрық қатемен бекітілсе, орындалатын шаруа не болмақ?! Сондықтан да ана тіліңіз үшін жаныңыз ашыса, мына сұмдықтың түзетілуіне қолдау көрсетіңіз. Үлкен рақмет!», - деп жазады Мереке Алаш.

Қате өріп жүрген бұйрыққа ойланбастан қол қоя салған министр Арыстанбек Мұхамедиұлының аңғалдығына да қайран қалмасқа шара жоқ.

Қатысты Мақалалар