Жұмыссыздық Маңғыстау халқын әбден ашындырды

/uploads/thumbnail/20170708151436320_small.jpg

Маңғыстау облысының Жетібай кентінің халқы әкімдерін түтіп-жеп жіберуге аз қалды. Жетібайдың 400-ге жуық тұрғыны аудан әкімі Айсағали Нұғымановтың "Халықтың 0,4 пайызы ғана жұмыссыз" деген есебіне ашулы. 14 мың халқы бар кенттің ресми есепте тек 50 адамы ғана жұмыссыз. Алайда, жастар жұмыссыз, қарттар күнін көруден қалды  деген жүздеген халықтың шуына,  тұщымды уәж айта алмаған әкімдер клубтан қашып шығуға мәжбүр болды.

АҒЗАМ ЖҰМСАҚОВ, Жетібай ауылының тұрғыны:

Аудан әкімі 0,4 процент депті. Комиссия шыққанда, 40-50 процентке жетіп қалды жұмыссыздық.

ҚАЛАМҚАС ЕРҒАЛИЕВА, Жетібай ауылының тұрғыны:

Нұрсұлтан Әбішұлының айтқаны: Мұнайдан бір адам жұмыс жасасын. Соған шүкір болар еді. 5 баламен күйеуім жұмыс жасамайды.

Жетібайдыңтөңірегіндемұнайорындарыкөп. Бірақ, онда елдің бәрін алатын жұмыс аз. Сол себепті халық әкімдік жалған есеппен жұмыссыздықты жасырғанша, жаңа кәсіпорындар ашса дейді. Ал, Жетібайдың әкімі ондай жерлер болашақта ашылады дейді.

Халық пен әкімнің екі сағаттық пікірталасы нақты ештеңені шешкен жоқ. Ел облыс әкімі келмей мәселе шешілмейді деген соң, әкім мен көмекшілері залды тастай қашты.

Әкім залды тастай қашқан соң, халықта оны өкшелей қуғаннан басқа амал бар ма? Ұжымдасқан ел әкімді кабинетіне дейін қуып барды. Әкім оларға 65 адамдық тігін цехын, қонақ үй құрылысына 120 адам, 120 әлеуметтік жұмыс орны ашылатынын айтты. Ал, облыстық әкімдік Жетібайда 50 жұмыссыз, оның жартысы жұмысқа тұрып үлгерді деген мәлімет берді.

Дегенмен, Жетібайдың халқы әлі де болса әкімдіктен уәде емес, нақты әрекет күтіп отыр.

31.kz

Қатысты Мақалалар